
PLEIA · БҰРЫНҒЫ POWERBOOK
Мақсат — бүкіл әлем
5 жыл бойы Pleia — өз бастамам бойынша жасалған коммерциялық емес әлеуметтік жоба болды. Енді мен оны табыс әкелетін бизнеске айналдырып, осы іспен күн көргім келеді.
Pleia (Плея) — Үркер жұлдыздары: жеке-жеке әлсіз, бірге бір жарық. Біздің минуттарымыз да солай қосылады.
Жақында PowerBook атауынан Pleia-ға көштік: PowerBook — Apple-дің тіркелген тауар белгісі болып шықты. 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеміз.
Инвесторларға арналған серіктестік ұсынысы · 2026
Let's make reading a brand
МӘСЕЛЕ · ШЕШІМ · БІЗДІҢ ОРЫН
МӘСЕЛЕ
40%
АҚШ ересектерінің 2025 жылы бірде-бір кітап оқымағаны
YouGov, 2 203 ересек, 2025 жылғы желтоқсан
9 жас
Балалар 9 жастан кейін оқуды азайтады
Scholastic Kids & Family Reading Report
БІЗДІҢ ШЕШІМ
1
Күніне 30 минут оқимыз
2
Минуттарды сайтта белгілейміз
3
Ай бойы бірге (30 күн = 1 айналым): кесте, серия, оқу залы
4
Ай соңында қатысушылардың төменгі жартысы жоғарғы жартысына кітап сыйлайды
БІЗДІҢ ОРЫН
Күнделікті әдет + 1 000-нан астам оқырман қауымдастығы + нақты кітап алмасу + Қазақстанда тегін. 2021 жылдан бері жұмыс істейді.
1 · Күніне 30 минут оқимыз және сол күнге 1 ұпай аламыз
2 · Ай соңында кестенің төменгі жартысы (яғни ең аз ұпай жинағандар) жоғарғы жартысына кітап сыйлайды
№
Оқырман
Қараша айналымы, аттары жасырылған · 1–29 күн · бүгін 20-күн
Күн
1
Оқырман А
20
2
Оқырман Б
20
3
Оқырман В
20
… тағы 63 қатысушы
67
Оқырман Г
6
68
Оқырман Д
5
Кестенің ортасы. Төменгі жартысы жоғарғы жартысына кітап сыйлайды.
69
Оқырман Е
5
70
Оқырман Ж
5
… тағы 27 қатысушы
98
Оқырман И
1

«…ұяшықтарды жасыл түске бояу бөлек бір сезім» — Dias Seilkhan

«…оқитын себебім бәсекелестік, соңғы 10дыққа кіріп кетпеу» — Nurdeke

«…смотреть на прогресс других заставляет тебя дальше читать и не бросать» — Aidana
Кітаптарды платформа сатып алмайды: Аяқталған 66 айналымда 1 501 кітап сыйланды: оқырмандар оларды өз қалтасынан өз жұбына сыйлады.
ЖҮЙЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ · 2021 ЖЫЛДАН БЕРІ
минут бірге оқылды — бұл 2021 жылдан бергі нақты деректер

«Екі жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін қызығушылығым жоғалған жоқ» — Zhanargul

«…көзге қарапайым минуттарды бақылау — оқуды әдетке айналдырып жатыр, қазір 29 күн үзбей оқып келе жатырмын» — Alua

«…кітап оқу әдетін қалыптастыру үшін PowerBook әдемі қосымша деп ойлаймын, әзірге стрик үзілмеді» — Miras
1 092
оқырман 5 жылда айналымдарға қатысты
67
ай сайынғы оқу айналымы өтті
55 000+
сағат таза оқу уақыты
1 130
кітап оқылып, сөреге қосылды
Дереккөз: Pleia платформасының дерекқоры, 2026 жылғы 20 қараша
ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСАДЫ
Әр күні 30 минут жинағандар саны
ҚАЙТЫП КЕЛЕТІНДЕР ҮЛЕСІ
37%
келесі айда қайта оқиды
17%
3 айдан кейін оқып жүр
4%
12 айдан кейін оқып жүр

«…басында қиын болғанымен, сосын әдет қалыптасып автоматом кетті» — Nurbo

«Кейін әдет болып, кітап оқымасам бірнәрсе жетпейтіндей боп қалдым!» — Нурсейт Баққали

«…күнделікті 30 мин кітап оқу міндетті әрекетке айналды, дисциплинама өте жақсы әсер етіп жатыр» — Assel S
Айналымда 136 адам, күн сайын 45–68 адам межеге жетеді. Алғаш келгендердің 54%-ы қайта оралған.
2026 жылғы қараша, 1–19 күндер (20-күн аяқталмады). Қайтып келу: 1 003 оқырман, бір айналымда кемінде 1 ұпай; 2026 жылғы қазанға дейінгі нәтижелер. Дереккөз: pleia.net.
БҮГІНГІ КҮНГІ ЖАҒДАЙ · ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР
күніне 30 минут, бірге
серия, орын, күн сайынғы белгі
төменгі жартысы → жоғарғы жартысына
бірге оқу, таймер
бәс (ставка), кезеңдер, финал
баға, пікір, жауап
кітаптар мұқабалар түрінде. Қаласаңыз, электронды нұсқасын жүктеп, онлайн оқисыз
жетістіктер мен атақтар
ай мен жыл бойынша жеке қорытынды, жеке талғамға сай AI кеңестері
барлық 67 айналым, даңқ залы
кітап алмасу
Stories-ке арналған стикерлер
ҚОЛДАНБА
App Store-да аккаунт ашылды
Қазір іске қосылуда

«прога мощный болып келе жатыр 🔥» — Nurtilek

«…қосымшаның интерфейсі күннен күнге ыңғайлы әрі әдеееміі болып келе жатыр» — Alua

«PowerBook қатты ұнайды. Идеясы, қолданбасы да махаббатпен жасалған» — Aruzhan
Қазақша, орысша, ағылшынша · Telegram-топта ~600 адам кітап талқылайды · деректер Қазақстандағы серверде
МОТИВАЦИЯ · МАРАПАТТАР ЖӘНЕ ЛИГАЛАР

Алғашқы күн

30 күн оқыдың

100 күн оқыдың

7 күн қатарынан

30 күн қатарынан

365 күн қатарынан

1 000 минут

5 000 минут

5 ай үзіліссіз

Бірге 3 млн минут

Қайта оралу

Бірінші шайқас

Қола · 50%

Күміс · 70%

Алтын · 86%

Алмас · 96%

Экслибрис · қатарынан 3 алмас
50
түрлі белгі: күн, серия, минут, жанр, бірге оқу
906
белгі оқырмандарға берілген

«Оларды көрген сайын одан да көп кітап оқып, жаңа ачивкалар алғым келеді» — Zhanargul

«…были моменты когда мне просто не хотелось продолжать, и тогда она немного мотивировала» — Yerassyl

«…бір жағынан бәсекелестік өз орнын алып тұр» — Закош
Лига — бір айналымда оқылған күндер үлесі (күн = 30 минут), кестеге әсер етпейді. Дереккөз: pleia.net.
Тіркелу: екі команда да 13-тен кітап бәске тікті. Жоғарғы сөреде 3 кітап «жасырын»: қатысушылар оларды жария көрсетпеуді таңдаған.

«…команда алдында черт болатын сияқты болдым. Это мотивировало читать раньше» — Bekzhan

«когда мы в начале проигрывали с отрывом и выиграли в конце» — Nurtilek

«…тайпалар шайқасы қосылғалы бері команданы тығырыққа тіремейін деп түнгі уақытқа қалып кетсе де 30 минут үйтіп бүйтіп оқып жүрмін» — Elnur Kitabe
БІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІМІЗ · ТАЙПАЛАР ШАЙҚАСЫ
1
Шайқасқа тіркелгендер лигаларына қарай екі командаға бөлінеді
2
Әр қатысушы өз кітабын бәске тігеді
3
Күніне 30 минут оқу — командаға 1 ұпай
4
15 күн, 3 кезең. Қарсыластың ұпайлары әр кезеңнің соңында ашылады, сондықтан интрига күшті
5
Жеңгендер жеңілгендердің кітабын таңдап, «неге сенің кітабыңды таңдадым» деп жазады
Сондықтан әрқайсысы күн сайын оқиды: команда үшін, жеңіс үшін, кітап үшін
Соңғы шайқас: 2-кезеңнен кейін есеп 119 : 120 болды, финал — 21 қараша. Сауалнама (10 жауап): 7 қатысушы басты себеп ретінде команда алдындағы жауапкершілікті атады.
ТАЙПАЛАР ШАЙҚАСЫ · КЕЗЕҢДЕР МЕН ФИНАЛ


1–2-кезең: күн нәтижелері
Финал: күндер сағат бойынша ашылады
1
Тіркелу
Әр қатысушы өз кітабын бәске тігеді, екі команда лигаларына қарай бөлінеді.
2
1-2-кезең: күндер есепке алынады
Күніне 30 минут — командаға 1 ұпай. Қарсыластың ұпайы әр кезеңнің соңында ашылады.
3
Финал: нәтиже сағат бойынша
Күннің нәтижесі түнгі 04:00-де бекітіледі, кейін бәрінің көз алдында ашылады: 11-күн 18:00, 12-күн 19:00, 13-күн 20:00, 14-күн 21:00, 15-күн 21:30.
4
Жеңгендер таңдайды
Келесі күні 10:00-де жеңгендер жеңілгендердің кітабын таңдайды: 15 минуттық терезелермен.
Скриншоттар: 2026 жылғы қарашадағы нақты шайқас, pleia.net.
ЖЕКЕ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ AI
ЖЕКЕ СТАТИСТИКА
Күн сайын: минуттар, серия, кестедегі орны
Ай мен жыл бойынша шолу: не оқыды, қанша минут, қандай тақырыптар
Жеке 3D сөре: оқыған кітаптарының мұқабалары, белгілері мен жазбалары
AI ИНТЕГРАЦИЯСЫ
AI қорытындысы: ай мен жыл туралы жеке шолу: не оқыды, нені ұнатты, ай қалай өтті, қандай қарқынмен оқыды
AI-мен талқылау: кітап туралы әңгіме, спойлерсіз
AI кітапханашы: оқырманның талғамына сай кітап таңдайды
67
AI қорытындысы жазылған
1 302
кітаптың AI профилі бар
AI — Claude (Anthropic). Жеке деректер Қазақстандағы серверде сақталады; AI сұраныстары Claude арқылы өңделеді.
Telegram-топта ~600 адам кітап талқылайды
Telegram-топтағы қатысушылардың өз сөздері, толық мәтінмен
Мен қателеспесем пб жобасына 2024 жылдың қысында, жылдың соңына қарай қосылдым ғой деймін. Содан бері бұл жоба менің көөөп нәрсеге деген көзқарасымды өзгертті десем болады. Бұрын кітап оқуға аса қызығушылығым болмаған еді, бір кітапты бастасам, соңына дейін жеткізу қиынға соғатын. Бірақ осындай ортаға түскеннен кейін, кітап оқуға қызыға бастадым.
Ең алдымен пб әрине маған кітап оқуды әдетке айналдыруға көмектесті. Сонымен қатар жаңа адамдармен танысып, достар табуға да мүмкіндік берді. Қазір жобаның өз платформасы(?) бар, оның ішіндегі мүмкіндіктердің көптігі мені қатты қуантады. Планировкасы, читательный зал, кітапхана, битва барлығы өте жақсы ойластырылған, вааауу ғой
Әсіресе ачивкалар мен лигалар маған қатты ұнайды. Оларды көрген сайын одан да көп кітап оқып, жаңа ачивкалар алып, оқи бергім келедіі. Оқу залы туралы айтсаааамм, ондағы атмосфера ерекше. Маған өтеді енді. Барлығы сондай жайлы әрі әдемі ұйымдастырылған. Кейде кітап оқуды мүлде жоспарламасаң да, оқу залында адамдардың кітап оқып отырғанын байқап, өзің де соларға қосылып кетесің. Бастапқыда ондай ойың болмаса да, сол атмосфера сені кітап оқуға тартады. “Олар оқып жатыр, сен де оқы, оларға қосылсаайшы” деген ой келәп, еріксіз беріліп кетесің
Zhanargul
Тағы бір ұнайтын тұсы каналдағы талқылаулар. Кейде каналға адамдар өздерінің инсайттарын, кітаптан алған әсерлерін немесе ерекше ұнаған үзінділерін жібереді. Соларды оқыған кезде кейбір кітаптарды тезірек оқып шыққың келіп, кәәәдімгідей қызығушылығың артады. Ал бұрын оқыған кітаптарың болса, өзің байқамай қалған немесе уақыт өте ұмытылып кеткен тұстарын қайта есіңе түседі. Басқа адамдардың сол кітап туралы ойларын оқып, өз көзқарасыңмен салыстырасың. Кейде бір кітапқа мүлде басқа қырынан қарайсың. Иии осындай талқылаулар кітапты тереңірек түсініп, анализ жасауға көмектеседі
Жалпы пб жәй ғана кітап оқып қана қоймай, өзіңді дамытуға, жаңа адамдармен танысуға, мотивация алуға және кітап оқуды өміріңнің бір бөлігіне айналдыруға көмектесетін ерекше, ыстық орта. Осы пбтың бір бөлігі болып жүргеніме қуаныштымын. Екі жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін қызығушылығым жоғалған жоқ. Керісінше, күн сайын жаңа нәрселерін байқап, одан сайын артып келеді. Осындай жобаны жасап, дамытып жүрген жандарға көөп көп рахмеет
Zhanargul
ТАБЫС МОДЕЛІ
1 · ҚАЗАҚСТАН
Қазақстандағы әр оқырман үшін қолданба қазіргідей мәңгі тегін, Qasym Kitap оқырмандары үшін де.
2 · ШЕТЕЛ
$4,99 айына немесе $39 жылына (жылдық жоспар 35%-ға арзан). Бұл — біздің басты кіріс көзі, барлық күш осында.
3 · ТЕКСЕРУ
App Store-да іске қосылған соң бағаны, төлеушілер үлесін және қайта жазылуды тексереміз. Бұл — әзірге болжам.
КІРІС ҚАЛАЙ ӨСЕДІ (БОЛЖАМ)
1-жыл, алғашқы оқырмандар: 5 000 белсенді × 3% төлейді × $39 ≈ $5,9 мың (≈ 2,7 млн ₸). Бұл тек бастама.
2–3-жыл: 50 000 белсенді оқырман болса, жазылымнан ≈ $58 мың (≈ 26,6 млн ₸) жылына.
Бренд демеушілері: брендтер өз атынан айналым мен жүлде ұсынады, қауымдастыққа тікелей жетеді.
3% — қолданба жазылымдарының салалық орташа бағасы, біздің дерек емес. 50 000 — 2–3 жылдағы мақсат. Жылдық баға: 12 × $4,99 = $59,88, жазылым $39.
ИНВЕСТИЦИЯ НЕГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Қаражат UGC-ға, жаңа функцияларға, терең AI мен аналитикаға кетеді: мақсат — шетелде табыс табуды бастау.
ҚАРАЖАТ БӨЛІНІСІ
Команда: негізін қалаушы, әзірлеуші, дизайнер, қолдау
37%
UGC және оқырмандарды тарту
18%
Қолданба және Qasym Kitap кітапханасы
17%
Заң, бухгалтерия, серверлер
12%
Терең AI және аналитика
7%
Резерв (бағам, күтпеген шығындар)
9%
6 АЙДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР
1
Келесі айда: App Store-да релиз, ин ша Аллаһ
2
1–2 ай: Qasym Kitap-пен келісім, алғашқы 30 кітап онлайн, UGC сынағы
3
3 ай: барлық 194 кітап онлайн, кітапты QR немесе AI арқылы растау; Google Play
4
5–6 ай: 2 000+ жаңа оқырман (болжам), шетелден алғашқы төлеушілер (Pleia Plus)
Мақсатымыз — единорог, ин ша Аллаһ
Жеке зерттеу бағыты: оқырманның келісімімен, ол қолданбаны ашпаса да оқу уақытын автоматты түрде өлшеу.
СЕРІКТЕСТІК ҰСЫНЫСЫ · БІР ПАКЕТ, ҮШ БӨЛІК
СІЗДІҢ МҮДДЕҢІЗ
Қазақстан үшін: сіздің қолдауыңызбен Pleia бүкіл Қазақстанға таралады және барлық тұрғын үшін қазіргідей мәңгі тегін болады.
Серіктес-баспа оқырмандары үшін: қолданба тегін. Онда оқу минуттарын, пікірлерін белгілейді, кітапты онлайн оқиды, бір-бірімен жарысады.
6 айға 14 000 000 ₸, төменгі шек 8 000 000 ₸. Сомасын өзіңіз таңдайсыз.
Форма: қайтарымды қолдау, жазбаша келісімшартпен.
Қайтару: ай сайынғы кіріс шығынды жапқаннан кейін (шамамен 2 млн ₸) кірістің 30%-ы қаржы толық қайтқанша. Егер қайтара алмасақ, қайырлысы деген (рискті де) ойда ұстау керек.
Беру: 8 млн ₸ бастауға, қалған 6 млн ₸ қолданба шыққан соң.
Есеп: ай сайын оқырман саны, кіріс, шығын.
Атау: сіздің есіміңіз алғашқы қолдаушы ретінде аталады.
Pleia-ны өз арналарыңызда көрсетсеңіз, мен сіздің командаңыз бен аудиторияңызға арнайы жабық айналым ашамын.
Серіктес-баспаның 194 кітабы Pleia-да тек сатып алған оқырмандарға ашылады. Растау: жаңа тиражда QR-код, бұрын сатылған кітапқа — AI арқылы бет фотосын тексеру. Алдымен цифрлық құқықтар жөнінде келісім жасаймыз.
Соңғы шешім қабылдайтын — өзіңіз. Бір кездесу осы аптада.
Кез келген жауабыңызды құрметпен қабылдаймын, ин ша Аллаһ.
ПЛАТФОРМА БІР ОҚЫРМАН ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕДІ
Негізін қалаушы — Мадияр Орынбай
2021 жылы карантин кезінде екі қаладағы екі досыммен аз-аздан, бірақ үздіксіз дамуға шештік: күн сайын кітап оқуға. Үш дос, бір ортақ кесте.
PLEIA · 2021 → ҚАЗІР
Негізін қалаушымын, негізгі бағытым. Бірге жасайтындар (профильді ашу үшін басыңыз):
inAidos Orynbay ↗inRakhim Khismet ↗
КӘСІБИ ЖОЛ · ҚАТАР
Назарбаев Университеті, Civil Engineering, 2019–2024
Katev қорында бас HR директорының ассистенті, 2025
Higgsfield AI, Nomad Venture Studio, Quranify стартаптарында маркетолог, 2026
1 611
күн оқу белгіленген (2 096 күннің ішінен)
1 080
сағат оқылған · 64 790 минут
1 362
күн 30+ минутпен
60
күн қатарынан: ең ұзақ серия
58
айналымға қатысқан
78
кітапқа баға мен пікір · орташа 9,1/10
40
марапат 50-ден
11
жанр бойынша 600+ минут
Оқу күндері, жыл сайын
291
2021
313
2022
355
2023
356
2024
197
2025
99
2026
Марапаттардан үлгілер






Ең жоғары баға қойған кітаптар
10/10 · Три товарища — Э. М. Ремарк
10/10 · Граф Монте-Кристо — А. Дюма
10/10 · Портрет Дориана Грея — О. Уайльд
10/10 · Кафе на краю земли — Дж. Стрелеки
10/10 · Гауһар тас — Д. Исабеков
10/10 · Гордость и предубеждение — Дж. Остин
Бір аккаунттың (архивтік атымен бірге) нақты деректері: 2021-02-24 — 2026-11-20.

ӨЗІҢІЗ КӨРІҢІЗ

«Осындай ортада, кітап оқу дағдысын дамытып жатқаным үшін сіздерге алғысым шексіз» — Aijan

«Мен де осы айда өзімнің жеке рекордымды орнаттым. Сегіз кітап оқыппын. Керемет орта үшін алғыс!» — Ai.zerem

«Жалпы жоғалып кеткен әдеттерді қайта қалпына келтірудің оңтайлы шешімі болды» — Биоңсиғой
Ашып көріңіз: тіркелмей-ақ таймермен оқуды бастауға болады.
Рақмет. Бірге Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық, мақсатымыз — бүкіл әлем, ин ша Аллаһ.
Pleia · 2021–2026